• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен ХҚҚДБ 88 млн АҚШ долларын құрайтын 15 жылдық келісімге қол қойды - Қаржы министрлігі

Қазақстан мен ХҚҚДБ 88 млн АҚШ долларын құрайтын 15 жылдық келісімге қол қойды - Қаржы министрлігі

10 Маусым, 2015 17:18
ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) қарыз туралы келiсiмге қол қою өтті, деп хабарлады ведомство.

Жобаның мақсаты - жоғары технологиялық, ел үшін өзекті зерттеулер жүргізуді және технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру.

Соңғы жылдары ХҚҚДБ халықаралық кредиттік қатынас саласында Қазақстанның белсенді әрптестерінің бірі болып отыр. ХҚҚДБ экономиканың әр алуан секторларында жекеменшік және мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады, сонымен қатар елдің экономикалық диверсификациялау үрдісін ілгерілетуде Қазақстанға жәрдем көрсетеді.

ХҚҚДБ-мен қаржыландырылатын жоба өнімдік инновацияларды ілгері жылжытатын, экономиканың өнімділігі мен бәсеке қабілеттілігін ғылыми-өндірістік байланыстарды ынталандыру және технологиялардың инкубациялық циклін дамыту жолымен арттыруға бағытталған.

Жобаны аяқтау 2020 жылға жоспарланып отыр.

88 млн. АҚШ доллары сомасындағы қарыз Қазақстан Республикасына 5 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Пайыздық мөлшерлеме әрбір пайыз есептеу кезеңіне LIBOR+құбылмалы спрэдке тең. Біржолғы комиссия 0,25% құрайды. Міндеттеме үшін комиссия Қарыздың алынбаған қалдығынан жылдық 0,25 % ставкасы бойынша алынады.

Тартылатын қарызға қызмет көрсету мен өтеуді Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

Барлық жаңалықтар