Е.Ыдырысов: Қазақстан ИЫҰ-мен ынтымақтастыққа айрықша мән береді

10 Маусым, 2015 16:39
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезіне қатысуға келген Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Иядом бен Амин Маданимен кездесті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Тараптар  ИЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен өзара тиімділігін талқылады. Сыртқы істер министрі Қазақстан ИЫҰ-мен ынтымақтастыққа аса көңіл бөлетінін атап өтті.

Е.Ыдырысов қазіргі таңда қазақстандық  тарап 2015 жылдың 12-14 қазанында  ИЫҰ министрлерінің 7-ші конференциясы мен ИЫҰБ бас ассамблеясын өткізуге дайындық жүргізіп жатқандығын айтты.

«Біз ИЫҰБ бас ассамблеясының сессиясын өткізуге аса көңіл бөлеміз, оның барысында хатшылыққа өткізу, және ИЫҰБ  жұмыс органдарын құру жұмыстары жүргізіледі», - деді министр.

Өз кезегінде, Ияд бен Амин Мадани Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату талпынысын жоғары бағалады. «Біз ИЫҰ-ның Қазақстанмен ынтымақтастығына қанағаттанамыз», - деді ол.

Кездесу барысында  тараптар  Сирия, Мрак, Йеменде болып жатқан жағдайлар туралы пікір алмасып, халықаралық және өңірлік күн тәртібін талқылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар