ЕАЭО елдерінде өндірістік аутсорсинг тетігі дамытылады

10 Маусым, 2015 17:34
ЕАЭО-ға мүше елдердің субконтрактация тетігін енгізуге арналған алқа мәжілісінде өндірістік кооперациясы ұлттық желісі мен субконтрактингті жасақтау тәжірибесі, биржалар мен аймақтық өндірістік аутсорсинг орталықтарының жұмысы талқыланды.

Келелі кеңеске Өндірістік субконтракция және серіктестіктің аймақаралық орталығы, «Субконтрактацияны дамытудық ұлттық серіктестігі» коммерциялық емес серіктестік, Ресей Федерациясындағы ЮНИДО-ның халықаралық өндірістік серіктестік орталығы, «Атамекен» ҚР ҰКП, «KAZNEX INVEST» АҚ, ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі, Қазақстанның сыртқы сауда кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы қатысты, деп хабарлады ЕЭК.

ЕЭК өндрістік саясат департаментінің директоры Владимир Мальцев атап өткендей, дамыған елдерде өндірістік аутсорсинг деңгейі 80%-ға дейін жетеді. Ал, ЕАЭО мүше мемлекеттерде ол 20%-дан сәл ғана асады.

«Бұл көрсеткіштің төмен болуының басты себебі өзге аймақтар мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде  әлеуетті серіктестер туралы ақпараттану төмендігі. Өндіріс саласындағы кәсіпкерлермен жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес сарапшылардың 2/3 бөлігі бірінші орынға ақпараттық кедергілерді қояды», - деді  В.Мальцев.

Барлық жаңалықтар