- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да алғаш рет коммерцияландыруға арналған алаң табылды – «Ғылыми портал»
ҚР-да алғаш рет коммерцияландыруға арналған алаң табылды – «Ғылыми портал»
Аталған порталдың өзгелерден ерекшелігі оны ғылыми ұжымдарды өндіріспен ұштастыру үшін қажетті қосымша қызметтермен қамтамасыз етуге дайын мамандар мен сарапшылар бақылап отырады, деп хабарлайды Технологияларды коммерцияландыру орталығының Бас директоры Дамир Егізбаев.
«Портал оны дайындаған адам мен кәсіпкер бір-бірін таба алатын виртуалды алаң. Порталды дайындаушы өзінің технологияларын ұсынады, ал өнім өндіруші қажет болатын болса оны тауып алады. Бұған қоса порталда Технологияларды коммерцияландыру орталығының менеджерлері мен сарапшыларға арналған арнайы бөлім бар. Бизнесмен өзі көрген технологияның жақсы жұмыс істейтіндігіне сенімді болмауы мүмкін. Сол себепті ол портал арқылы қосымша сараптама сұрай алады. Ал жобаны дайындаушы алаңға өзінің жобасын шығара отырып, оның назардан тыс қалмайтынына сенімді болады. Оған біздің технологияларды коммерцияландыру жөніндегі менеджер бекітіледі, ол инвесторларды белсенді тартатын болады»,-деді Д.Егізбаев.
Бас директордың хабарлауынша, порталда осы кезде 200 инновациялық жоба ұсынылған.
«Қазіргі таңда 200-ден астам жоба ұсынылды. Аталған жобалар технологияларды комерцияландыру кеңселері, ғылыми ұйымдар мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері тарапынан болашағы зор, ең өзекті деген материалдарды таңдап алды. Осы жерде іс жүзінде ең үздік деген қазақстандық жобалары жинақталды»,-деді ол.
Бас директордың сөзінше, «Ғылыми порталдың» мықты айналамын қамтамасыз ету үшін жыл бойына еліміздің аймақтарына шыға отырып, түсіндіру семинарларын өткізу жоспарланған. Сондай-ақ порталды насихаттау мақсатында еліміздің жетекші компанияларында да болу жоспарда бар.
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Дін саласы: «YZ CLUB» алаңы, «Жусан» операциясы және деструктивті діни ағымдар -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев