- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ бас хатшысының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түседі - Елбасы
БҰҰ бас хатшысының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түседі - Елбасы
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Пан Ги Мун өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысын талқылады және ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды.
Қазақстан Президенті Бас хатшының съезд жұмысына қатысуы іс-шараның маңызын айтарлықтай арттыра түсетініне назар аударды.
« Сіз экономика мен саясатқа, конфессияаралық мәселелерге қатысты алмағайып кезең орын алған қазіргі шақтағы жұмысбастылығыңызға, БҰҰ-ның 70 жылдығына дайындық жұмыстары жүріп жатқанына қарамастан біздің елімізге келіп отырсыз. Сонымен қатар, сіз ядролық полигонды жабу жөніндегі бастамамызды қолдадыңыз. 29 тамыз Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан бүгінгідей форумдар өткізу арқылы жер бетінде бейбітшілік орнату ісіне өз үлесін қосып келеді деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы.
Пан Ги Мун әлемдік діндер көшбасшылары жиналған осындай маңызды іс-шараға қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
«Сіздің көрегендігіңізді және қазір аса маңызды болып отырған осы Съезді шақыру жөніндегі бастамаңызды лайықты бағалауға тиіспін. Сіз бұл бастаманы 15 жыл бұрын, жағдай қазіргіден мүлде басқаша болған тұста көтердіңіз. Бүгінде бүкіл әлем діни экстремизмнен және лаңкестіктен зардап шегіп жатқанда өшпенділікке қарсы тұруға шақырған діни көшбасшылардың қатары көбейгені және үні баршаға жетерліктей болғаны қажет», – деді БҰҰ Бас хатшысы.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда