- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағандыдағы «Спасск» орталығында І Республикалық жастар жиыны ресми түрде басталды (Фото)
Қарағандыдағы «Спасск» орталығында І Республикалық жастар жиыны ресми түрде басталды (Фото)
Жиын қазақстандық белсенді жастардың 800-ден аса өкілінің басын қосты. Олар әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша облыстық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары атанып жүрген қыз-жігіттер, сондай-ақ республикалық әскери мектеп интернаттарының (Алматы, Қарағанды, Шымкент, Семей, Павлодар, Ақтөбе қалалары), «Жас ұлан» республикалық мектебі және «Арыстан» лицейінің тәрбиеленушілері, жоғарғы оқу орындардағы әскери кафедралардың студенттері.
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. «Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштердің басшылығы атынан біздің ұлан-байтақ еліміздіңоқушы жастарынан құралған үздіктерді бірінші әскери-патриоттық жастар жиынымен құттықтаймын. Бүгінде халқымыз Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысының қолдауының арқасында өскелең ұрпаққа аса зор ықыласпен көңіл бөлуде. Барлық өңірлерде, қалаларда жастардың оқуына, спортпен айналысуына және өз Отанының абыройлы азаматы деген атқа лайық болуына барлық қолайлы жағдай жасап келеді. Қазіргі таңда армия отансүйгіштіктің, достықтың, тұлға болып қалыптасудың шынайы мектебіне айналып отыр.
Мені жастардың бар ынтасымен ҚР ҚК қатарына түсуге деген ұмтылысы қуантады. Бұл маңызды және ізгі міндет. Сіздерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің курсанттары мен офицерлерінің қатарынан көремін деген үміттемін. Осы орайда әскери істе білікті маман болу үшін барлық күш-жігерді аянбайтындарыңызға сенемін. Жүректеріңізде Елге шексіз берілген сүйіспеншілік оты жалындасын, сау және шымыр болып, ақыл-ойларыңыз маңызды және күрделі міндеттерді шешкен сайын қайрала түссін», - деді ол. «Айбын» жиыны маусымның 10 мен 13 аралығында төрт күнге созылады. Қатысушыларды мазмұнды бағдарламалар күтіп тұр. Оған жастардың дене даярлығын анықтайтын негізгі күштік жаттығулар және әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыстар енгізілген. Оның ішінде: белағашқа тартылу, 100 метрден АК-74 ату, пневматикалық винтовкадан атыс, газтұмылдырықты кию, сондай-ақ әскери-медициналық даярлық бойынша: алғашқы таңуды көрсету, жарақаттанған адамды көшіру.
Жастар қазақстандық армияның заманауи техникасы мен қару-жарағын көріп ерекше даярлық мектебінен өтеді, өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сынайды, теңдесіз тәжірибе жинап, жаңа достар табады. Жиынның басты міндеттері жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қимылын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау, олардың бойында әскери қызметті өтеу кезінде қажет дағдылар мен ептілікті қалыптастыру, сондай-ақ жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, дене, әскери-қолданбалы және техникалық даярлықты жетілдіру болғанын атап өткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда