• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Егізбаев: ҚР Парламентіне 2015 жылдың күзінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру туралы заң жобасы енгізіледі

Д.Егізбаев: ҚР Парламентіне 2015 жылдың күзінде ғылыми жобаларды коммерцияландыру туралы заң жобасы енгізіледі

10 Маусым, 2015 12:57
Елбасының тапсырмасы бойынша ҚР Парламентіне 2015 жылдың күзінде ғылыми және ғылыми техникалық қызметті коммерцияландыру туралы заңжобасы енгізіледі, деп мәлімдеді Технологияны коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаев Астанада инвесторларға қазақстандақ инновациялық технологияларды таныстыру барысында.

«Ағымдағы жылы біздің тәжірибемізді тарату үшін нарыққа жаңа технологияларды енгізу, технологияны коммерцияландыру бойынша кеңселерді ұйымдастыру, зияткерлік меншікті қорғау бойынша кеңестер туралы әдістеме жасақтаймыз», - деді Д.Егізбаев.

Оның айтуныша, ҚР Парламентіне  2015  жылдың күзінде ғылыми және ғылыми техникалық қызметті коммерцияландыру туралы заңжобасы енгізіледі

«Біз жинақтаған тәжірибе Технологияны коммерцияландыру орталығына аталмыш саладағы заң жобасын жасақтауға қатысуға мүмкіндік береді. Заңжобасы Парламентке 2015 жылдың күзінде ұсынылады деп күтілуде. Бұл Президенттің тапсырмасы болатын», - деп толықтыры ол.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 5 мамырындағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында үкіметке ғылымды коммерцияландыру бойныша заңжобасын жасақтауды тапсырды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар