- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев 5 Съез қатысушылары Декларациясына бірқатар маңызды үндеулерді қосуды ұсынды (Фото)
Н.Назарбаев 5 Съез қатысушылары Декларациясына бірқатар маңызды үндеулерді қосуды ұсынды (Фото)
«Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезіне қорытынды декларацияны қабылдау қажеттігі туды. Оған бірқатар үндеулерді қосуды ұсынамын, ол әлемдегі барлық адамдардың үміті мен қайғысын көрсетеді. Біріншісі – барлық әскери дауды тоқтату, келісімге келу. Барлық көнбей жатқан тараптар бір үстел басында келіссөз өткізу үшін жиналуы керек, бейбіт тұрғындарды қорғау және олардың бейбітшілігін сақтау мәмілесіне келуі керек. Қазақстан ол үшін қолынан келгенін жасауда», - деді Елбасы.
Елбасының айтуынша, екінші кез келген елде мемлекетаралық қарым –қатынаста саяси оқиғаларда туындайтын күштеу әдісін жою қажет.
Елбасы үшінші кезеңді саяси көшбасшыларды мойындау, барлық жетекші державаларға заманауи әлемдегі сенімсіздікті болдырмау. «Өзара санкцияларды тоқтату қажет, олардан үшінші әлем мен қарапайым тұрғындар зардап шегеді. Әлемді «суық» соғыстан сақтап қалу шараларын жүзеге асыру қажет. Бүгін БҰҰ барлық әдістерін қолдану қажет, өзге халықаралық құрылымдардың қауіпсіздігін дауларды реттеу, дау мен соғысты тоқтату тұрғысында қолдану қажет», - деді Н.Назарбаев.
Төртінші шақырылымда Елбасы адамдар арасында конфессияаралық дау тудыру үшін БАҚ-ты, оның ішінде ғаламторды пайдалану тәжірибесін доғаруға адамдарды шақыру қажеттілігін атап өтті.
«Өздерін төртінші билік деп атайтын барлық БАҚ иелерінің моральды жауапкершілігін арттыру керек», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасының бесінші шақырылымында ашашылық пен кедейшілікті, эпидемияны, жұмыссыздық пен табиғи апаттардың салдарымен күресте күш біріктіру қажеттілігі туралы айтылды.
«Мен осында отырған барлық саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлерді өз беделдері мен мүмкіндіктерін соғыстар мен қақтығыстарды тоқтатуға, жаһандық саясатқа деген сенімді қайтару жолында пайдалануға шақырамын», - деп түйді Елбасы.
Индира Қауметова
Суретті түсірген Азамат Әлиев
-
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды -
Елдегі эпиджағдай: Бірқатар аймақта карантин шаралары жеңілдетілуде -
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды -
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды -
COVID-19: Еліміздің бірқатар аймағында шектеу шаралары енгізілсе, әлем елдері локдаунға қайта оралып жатыр -
Тоқаев: Ұлттық сенім кеңесі бір жылда маңыздылығын көрсете алды