Н.Назарбаев әлемнің саяси және рухани көшбасшыларын бірігуге шақырады

10 Маусым, 2015 12:21
Саяси және рухани көшбасшылар бірігіп, адамзатты толеранттылық пен құндылыққа толтырады, деді Елбасы Н.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.

«Қазір адамзат материалдық, ғылыми-техникалық, зияткерлік мүмкіндікке ие. Адамдар бір –бірімен рухани түсінушілік пен келісімде өмір сүрмесе ешқандай даму болмайды. Адамзаттың құырлысы солай, дін, тіл, толеранттылық пен шыдамдылық, бір-біріне деген сыйластықты іздеп, оған мойынсұну керек. Адамды барлық табиғатымен қабылдау, дін мен саясатты, адамды өзіңе ыңғайлы етіп икемдеуге тырыспай керек», - деді Н.Назарбаев.

Ол атап өткендей, айырмашылық ең бірінші біріктіретін ерекшелік болуы керек.

«Бірақ олар бөліп жаратын емес, керісінше біріктіретін болуы керек. Мен Рим Папасының «біздің біріктіретіндер бізді ажырататындардан әлдеқайда алда тұрады» деген сөзімен келісемін. Мен этникааралық және конфессияаралық шиеленістерді дұрыс батытта жүргізілмеген саясат тудыратынына сенімдімін. Ол мемлекеттер мен қоғамдардың азаматтардың күйреуіне әкеліп соқтырады. Біз бұны әлемнің көптеген аймақтарынан байқап отырмыз. Ал, халықтардың бір-біріне деген сыйластығы мен тілдерді, мәденитті, дін әлемін, сауданы дамытуды бірігіп меңгеру мен тату көршілестік қашанды мыңгілік құндылықтар болып келген және солай болып қала да бермек. Бұл үрдіс жаһандану үдерісі дендеп тұрған XXI ғасырда ерекше серпіліске ие болуда. Діни және саси көшбасшылар бірлесе оытырп, әлемді брынғыдан төзімді әрі адамгершіл ете алады»,-деді ҚР Президенті.       

Сонымен қатар Президент XXI ғасырда диалогқа  балама  жоқ екендігін атап өтті. 

 «XXI ғасырда саяси, экономикалық, мәдени, рухани бағыттар бойынша диалогқа балама жоқ. Сол себепті бүгінде қауіпсіздік пен даму дмалогының жаңа үшгісін қалыптастыру керек. Оның негізгі өзегі текқұқықтық, өзара сыйластық, бір-бірінің мүддесін ескеру, ынтымақтастық, төзімділік пен өзара түсіністік болуы керек»,-деді Елбасы. 
 
Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар