Қазақстанда дін бағытында 50 БАҚ жұмыс істейді – ҚР Президенті

10 Маусым, 2015 11:49
Қазақстанда 47 бұқаралық ақпарат құралдары дін бағытында жұмыс істейді, деді Елбасы Н.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V съезінде.

«Тәуелсіздік жылдарынан кейін Қазақстан рухани қайта қалыптасу кезеңін бастан кешірді. Советтік кезеңде Қазақстанда атеизм болғандығын да білесіздер. Бірақ, біздің халық Аллаға деген сенімділікті жоғалтпады. Қазір елде 3312 мешіт, храм, синагог, жалбарыну үйлері бар, 41 бұқаралық ақпарат құралы дін бағытында жұмыс істейді», - деді Елбасы.

Елбасының айтуынша, елде 500 шетелдік миссионер бар. Оған қоса, исламдық және христиандық барлық мерекелер күнтізбеге енгізіліп, тойланады.

Айта кетейік, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі дән көшбасшыларының V съезі Елбасының қатысуымен өтуде. Форумның басты тақырыбы бейбітшілік және келісім тұғырында саяси және діни көшбасшылардың еңбек етуі болақ. Екі күнге жалғасатын келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтуде. Съезге  әлемнің 42 мемлекетінен келген 80 делегация қатысуда.Съез жұмысына сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО басшылары, христиан, ислам, иудаизм, буддизм, даосизм, индуизм, зороастризм, синтозим діндерінің өкілдері мен өзге де бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысуда.   

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар