• Басты
  • СҚО-ның полицейлері мемлекеттік тіл білімінің республикалық байқауында үшінші орын алды
17 Қазан, 2013 11:08

СҚО-ның полицейлері мемлекеттік тіл білімінің республикалық байқауында үшінші орын алды

Солтүстік Қазақстан облысы полицейлерінен құралған команда ІІМ-нің мемлекеттік тіл бойынша «Парасатты полицей» республикалық байқауынан үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.
СҚО-ның  полицейлері мемлекеттік тіл білімінің республикалық байқауында үшінші орын алды

«Солтүстік өңірдің «Солтүстік жұлдыздары» командасы Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарымен құрметті үшінші орынды бөлісті», - делінген хабарламада.

СҚО ІІД командасы құрамында тылдық қамтамасыз ету қызметкерлері, көші-қон полициясы мен конвой қызметі және Тайынша ІІ АҚ қызметкерлері болды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өңір бойынша республикалық мемлекеттік тіл білімі байқауына іріктеу өткізіліп, республикалық байқауға ең үздіктер таңдап алынған.

Естеріңізге сала кетейік, «Парасатты  полицей» байқауының екінші орнын Қостанай мен Маңғыстау облыстары қызметкерлері иеленсе, бірінші орынды алматылықтар олжалады. Ал бас жүлде елорданың құқық қорғау қызметкелеріне бұйырды.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды