• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әділдік пен қауіпсіздікті түрлі дін өкілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асыруға болады

Әділдік пен қауіпсіздікті түрлі дін өкілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асыруға болады

10 Маусым, 2015 10:59
Әділдік пен қауіпсіздікті түрлі дін өкілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асыруға болады, деп мәлімдеді Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының бас хатшысы Мохсен Мохаммади Араки Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.

«Біз ҚР Президентіне осындай үлкен жобаны жүзеге асырғаны үшін, Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кездесуіне алғысымызды білдіреміз. Біз мұнда адамзат құндылықтарын қалайша нығайтуға болатынын талқылаймыз», - деді Мохсен Мохаммади Араки.

Ол атап өткендей, бұл құндылықтарды түрлі дін өкілдерінің бірлігі арқылы жүзеге асыруға болады.

«Н.Назарбаевтың көрегендігінің арқасында біз Қазақстан аумағында бірлікке қол жеткіздік», - деп толықтырды Мохсен Мохаммади Араки.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар