• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев: Қазақстанның күші - барлық діни конфессиялардың достығы мен толеранттылығында

Н. Назарбаев: Қазақстанның күші - барлық діни конфессиялардың достығы мен толеранттылығында

10 Маусым, 2015 10:31
Қазақстан халқы көрегендігінің арқасында ынтымақта, біздің халқымыздың күші мен өміршендігі - барлық діни конфессиялардың достығы мен толеранттылығында, деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінде.

«Кез  келген халық көрегендігінің арқасында бірлікті сақтап, бағалай алса тірі және ұлы болады.  Қазақстан халқы  көрегендігінің арқасында ынтымақта. Халқымыздың күші мен өміршендігі  - барлық  діни конфессиялардың  достығы мен толеранттылығында, өзара түсіністігінде, ауырбіршілігінде», - деді Ұлт көшбасшысы.

Елбасы атап өткендей, бұл әлемнің дамыған 30 мемлекетіндегі ең жоғары құндылықтар және Қазақстан оған ұмтылуда.

«Осы мақсат үшін біз «Қазақстан-2050» стратегиялық жобасын жүзеге асырудамыз, жаңа институционалды реформаларға кірістік. Біздің Қазақстанды жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспары  100 қадам бағдарламамыз халықтың этникалық және діни көзқарасына қарамастан өмір сүруге қолайлы жағдай жасауды көздейді», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өз жұмысын бастады.  Екі күнге жалғасатын келелі кеңес «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы диалогы» деген тақырыппен өтуде. Съезге  әлемнің 42 мемлекетінен келген 80 делегация қатысуда.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар