• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Мемлекет басшысының қатысумен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өз жұмысын бастады

Астанада Мемлекет басшысының қатысумен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өз жұмысын бастады

10 Маусым, 2015 10:04
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Мемлекет басшысының қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі өз жұмысын бастады. Съездің тақырыбы дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогына арналады. Съезд жұмысына 42 мемлекеттен 80 делегация қатысуда.

Съезд тақырыбы мен оның секциялық мәжілістер қазіргі заманғы өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Яғни, съездің күн тәртібі «Дін көшбасшылары мен саяси қызметкерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» атты 4 секциялық мәжілістерге бөлінген пленарлық отырыстан басталады. Бірінші секция «Діни және саяси көшбасшылар: адамзат баласының алдындағы жауапкершілік» деп аталады. Екіші секцияның тақырыбы: «Діннің жастарға ықпалы: білім, ғылым, мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдары» деп аталады, ал 3-ші секцияда «Дін және саясат: жаңа үрдістер мен перспективалар» мәселесі қаралады. Төртінші тақырып, «Әлемдік және дәстүрлі діндер арасында бейбітшілік үшін өзара сыйластық пен түсіністік негізінде қауіпсіздік пен үйлесімді қалыптастыру» деп аталады. Сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші V съезінің декларациясы қабылданады.  

Айта кетейік, Съезд жұмысына сонымен қатар, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО басшылары, христиан, ислам, иудаизм, буддизм, даосизм, индуизм, зороастризм, синтозим діндерінің өкілдері мен өзге де бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшелері қатысуда.   

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезі 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтті. Ондағы жиынға Еуропа, Азия, Африка құрлықтары мен Таяу Шығыс елдерінен 13 мемлекет өкілдері мен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм, сияқты 17 діни ұйымның өкілі қатысты.

Съезд ол уақытта әлемдегі діндердің өкілдерін осы ғаламда лайықты өмір сүру үшін бейбітішілік жолында ынтымақтастық орнатудың өзектілігін көрсетті. Бұл съездің ерекшелігі онда Қазақстан әлемдегі қоғамдар мен дінаралық келісім мен бірлік орнатқан алғашқы мемлекет болып қалды. Сондай-ақ оның барысында осы съездің алдағы уақытта өзге де жиындарын тұрақты өткізіп тұру жөнінде шешім қабылданды.    

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар