- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының әкімі мен Француз елшісі екі елдің кәсіпорындары арасында серіктестікті дамыту мәселесін талқылады
Павлодар облысының әкімі мен Француз елшісі екі елдің кәсіпорындары арасында серіктестікті дамыту мәселесін талқылады
Кездесуде тараптар француздық және павлодарлық кәсіпорындар, оқу орындары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар Франция елімен тұрақты достық байланысты орнықтыру мәселесі де қаралды.
Бүгінгі таңда Павлодар облысы мен Франция арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар негізінен құрал-жабдықтар мен түрлі техникалық бөлшектер импортына тиесілі.
Өңіріміздегі Қазақстан электролиз зауыты, ГРЭС-1 мен қайта өңдеу кәсіпорындары француз әріптестерімен сауда қарым-қатынасын орнатқан.
Облыс аумағында «CIM» француздық компаниясы мен қазақстандық «Format Mach Company» ЖШС құрылтайшысы болып табылатын бірлескен «CIM-FORMAT» ЖШС кәсіпорны жұмыс істейді.
Екі тараптың да білім беру саласында ынтымақтастық әлеуетінің болашағы зор. Облыстың 5 жалпы орта білім беру мектебінде француз тілі оқытылады. Француз тілі мұғалімдерінің жоғары категориясы, үлкен еңбек өтілі бар, сондай-ақ олар Францияда оқу тағылымдамадан өткен.
Ғылыми бағыттағы ынтымақтастық С. Торайғыров атындағы ПМУ-де тиісті деңгейге қойылған. Университет магистранттары Франция жоо-ларында оқу тағылымдамасынан өтеді.
Француз елшісінің өңірге ресми сапары аясында Франсис Этьен мырза облыстық мәслихаттың хатшысы В. Берковскиймен, «Нұр Отан» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары А. Құрмановамен, облыстық мәслихат депутатарымен және С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры А. Өрсариевпен кездесті. «Stiks» мектебінде де болды.
Бұдан басқа, «Format Mach Company» ЖШС-те, «Lactalis» компаниясында болу және Павлодар облысы кәсіпкерлерімен кездесу жоспарланған.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды