Алматы облысының ХҚКО-ларында 35 жаңа қызмет іске қосылды

10 Маусым, 2015 15:04
Маусым айынан бастап Алматы облыстық ХҚКО-да пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға, кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. қызметтер үшін жүгінуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-тарда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-тарда жалпы негізде көрсетілетін болады», - деп атап өтті.

Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-тарына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-тарға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерін ендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.

Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсетсе, 2012 жылы - 113, 2014 жылы олардың саны 171-ге жетті.

Еліміз бойынша ХҚКО-да ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, оның 10 миллионнан астамы - электрондық қызмет көрсетулер.

Барлық жаңалықтар