- Басты
- Жаңалықтар
- «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары сынақты жалғастыруда (Фото)
«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары сынақты жалғастыруда (Фото)
Бұл жолы полигонға қатысушы қатардағы жауынгер Лунара Баймұхаметова, аға лейтенант Әлия Хайруллина, кіші сержант Салтанат Ғабдоллашева, сержант Баян Жапарова, кіші сержант Ботагөз Мұсаева мен Мәдина Аманжолова, ефрейтор Әсем Сехимбаева және аға лейтенант Бота Қорабаева аттанды.
«Жауынгерлік сынақтар асуынан өткеннен кейін олар Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің жауынгерлік әзірлік деңгейіне сәйкес келуін растауы тиіс. Байқауға қатысушыларға атыс қаруы үлгілерінің инженерлік білуін және оқ ату дағдысын, жауынгерлік жарақты асынып кедергілер жолағын еңсеру кезіндегі төзімділікті, «Кобра» броньды машинасын басқару шеберлігін көрсету қажет болды», - делінген хабарламада.
Қыздар үшін ең күрделі сынақ ол танкі астында тапжымай жату болды. Бұл жаттығу әскери қызметшілердің психологиялық дайындығын тексереді. Алайда, «Батыр арулар» жеңімпаздары қобалжуға қарамастан, ҚР ҚК нағыз әскери қызметшілері ретінде бұл сынақтан да мүдірмей өтті.
Естеріңізге салайық, ҚР Қорғаныс министрлігі қыз-келіншек әскери қызметшілер арасында «Батыр арулар» байқауын ұйымдастырды. Сайыстың жоспары бойынша он екі қыз-келіншектің әрқайсысы 2016 жылға арналған арнайы күнтізбенің белгілі бір айының парақтарын көркейте түспек. Барлық жеңімпаздар жауынгерлік даярлықты өткеннен кейін, оларды кәсіби стилистердің бет-әлпетті әрлеуі және фотосессия күтіп тұр.
-
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)