- Басты
- Жаңалықтар
- Ә. Жақсыбеков жастарды «Жасыл ел» аясында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды (Фото)
Ә. Жақсыбеков жастарды «Жасыл ел» аясында ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды (Фото)

«Жастар мәслихаты елорда жастарының қоғамдағы бастамалары мен мүдделерін жақтайтын қоғамдық институтқа айналуы қажет деп санаймын. Сіздер өз мақсаттары үшін күресе алатын, өздерінің соңынан адамдарды ерте алатын жастарсыздар. Сіздердің Мемлекет басшысының идеяларын насихаттап, тұрақтылыққа шақыратындарыңыз біз үшін өте маңызды», - деді әкім.
Ә. Жақсыбеков Елбасының бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға байланысты ұсынған 100 нақты қадамын жүзеге асыру аясында Астананы Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру үшін сапалы білім беру, жастар арасында ғылыми және шығармашылық әл-ауқатты анықтауға барлық жағдай жасалуы керектігін де ескертті.
Әкім «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жастарды волонтерлар ретінде тарту мәселесін де баса айтты. Биылдан бастап «Жасыл ел» бағдарламасы аясында ЭКСПО-қалашықтың құрылысына жастарды тарту жұмыстары қолға алынды.
«Сіздер өз тараптарыңыздан жастарды тарту мақсатында бұл жобаны насихаттауға үлес қосуларыңыз қажет», - деді Әділбек Жақсыбеков.
Әкім, сондай-ақ, қалада салауатты өмір салтын қалыптастыру мен спорт мәселесіне де тоқталды. Ол жастарды ірі спорттық шараларды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстарына белсенді қатысуға шақырды.
«Астана бұқаралық спорт қаласына айналуы керек. Қазіргі кезде қалада спорттық, қоғамдық шараларды өткізудің ауқымды жоспары әзірленіп жатыр және жастар бұл жұмысқа белсене араласуы қажет. Бастамашыл жастар тарапынан елорданы одан әрі дамыту бойынша жаңа ұсыныстарды күтеміз», - деп қорытты әкім.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ»
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері

