Қызылорда облысында ауыз су шығаратын цех ашылды

10 Маусым, 2015 08:54
Жаңақорғанда таза су шығаратын жаңа технологиялық цех іске қосылды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігі.

«Бұл аудандағы бөтелкеге құйылған таза су өндіретін алғашқы зауыт. «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығарылатын төл өнім «Талдысу» деп аталады. Ал,  басшысы жаңақорғандық жас кәсіпкер Қайсар Абайханұлы», - делінген хабарламада.

Жас кәсіпкер енді бір ай көлемінде осында «МАХІ шай» шығаруды да қолға алатындықтарын, оның да барлық құрал- жабдықтары әкеліп қойғандығын айтады. Ал "Талдысу" табиғи таза ауыз суы кешеден бастап аудандағы дүкен сөрелеріне сатылымға шықты.

Барлық жаңалықтар