• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына ХҚО арқылы жазыла алады

Қазақстандықтар «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына ХҚО арқылы жазыла алады

9 Маусым, 2015 18:51
«Нұр Отан» партиясы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсетудің 264 секторы бойынша, азаматтар партияның қоғамдық қабылдауларына жазылып, онлайн үндеу жариялап, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі, мәслихаттағы фракцияларының депуттары мен орталық және жергілікті атқарушы орган басшыларының қабылдауларына кіре алады.  

Айта кететін мәселе, бұл тәсіл азаматтардың өтініштеріне барынша жедел үнқатуға немесе тиісті шара қолдануға, өзекті деген мәселелер бойынша барынша көп өтініштерді қабылдап, мемлекеттік органдар мен парламенттік фракцияның жұмысы мен дағдарысқа қарсы шаралар мен оған қатысты елде қолға алынып жатқан жұмыстар туралы кеңінен мәлімет беруге жақсы жол ашады.   

Ынтымақтастық сонымен қатар, проблемалық мәселелерді тездетіп шешуге, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді. 

Айта кететін мәселе, бүгінгі таңда республикада партияның 241 қоғамдық қабылдауы жұмыс істейді. Она тек тегін заңдық көмек көрсетіліп қана қоймай, азаматтардың нақты мәселелері бойынша да тиісті көмектер көрсетіледі.     

 

 

 

Барлық жаңалықтар