• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жұмыс істемейтін кредиттер туралы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілуде

Жұмыс істемейтін кредиттер туралы заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілуде

9 Маусым, 2015 19:41
Үкімет «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Мәжіліс қарауына енгізді, деп хабарлады Мәжіліс.

Құжат Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты»,- атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ҚР Президенті тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. Заң жобасында: екінші деңгейлі банктердегі жұмыс істемейтін кредиттердің деңгейін төмендету; екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған стрестік активтерді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың ашықтығын арттыру; банктерге ауқымды топтар тарапынан, сол сияқты инвесторлар тарапынан сенімді арттыру есебінен кредиттеу құралдарына қол жеткізуді кеңейту; елдің қаржы жүйесін, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердегі банктердің тұрақтылығын арттыру қарастырылған.

Заң жобасы бойынша бизнес ортаны және сол арқылы Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстан позициясын жақсарту көзделеді.
 

 

 

Барлық жаңалықтар