• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшылар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ мемлекеттілігінің пайда болу кезеңдері туралы баяндады

Сарапшылар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қазақ мемлекеттілігінің пайда болу кезеңдері туралы баяндады

9 Маусым, 2015 17:46
Еуразия Ұлттық университетінде «Қазақ хандығынан Мәңгілік елге дейін» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара Қазақ хандығының  550 жылдығына арналды, мемлекеттіліктің пайда болуы мен тәуелсідік алған жылдарға дейінгі кезеңдер айтылды.

«Бүгінгі конференция қазақ мемлекеттілігінің құрылу кезеңдері қаралды, қазақ мәдениетінің бастамасы мен Қазақ хандығының құрылуына дейінгі кезеңдер талқыланды, баяндалды. Конференция өлмейтін тақырыптың тағы бір жалғасы болып табылады, алаңда қазақ хандығының өзекті мәселелері талқыланды», - деді ҚР БҒМ басшысы А.Сәрінжіповтың үндеуін М. Әуезов атындағы мәдениет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов мәлімдеді.

Конференция барысында құрылу мен мемлекеттің пайда болу мәселелері қаралды. Мәселен, «Қазақ мәдениетінің байырғы өркениеттегі орны», «Қазақ хандығы және оның қалалары», «М.Дулати Қазақ хандығы туралы» сынды мәселелер мен тақырыптар қаралды.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар