- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 2015 жылдың 17 маусымында үздік бизнес идеяға арналған «Startup «Bolashak» байқауы басталады
ҚР-да 2015 жылдың 17 маусымында үздік бизнес идеяға арналған «Startup «Bolashak» байқауы басталады
«100 қадам» бағдарламасында жалпығаортақ еңбек аталып көрсетілген, осы тұрғыда жас «болашақтықтарға» және жалпы «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған нақты өзіндік жоспар бар. Біз жақында ғана қауымдастығымыздың жаңа стратегиясын қабылдадық. Ол 3 жылға есептелген, онда жас кәсіпкерлікті дамытуға ерекше дең қойылған. Алдағы 17 маусымда қауымдастықтың «Startup «Bolashak» жобасы іске қосылады. Ол қауымдастықтың демеушілерден алып отырған қаржысына қаржыландырылады», - деді Қ.Бишімбаев.
Оның айтуынша, Қауымдастық аталмыш жоба аясында жас кәсіпкерлер үшін үздік бизнес идеяға арналған байқауды өткізбекші.
«Біз жазбойы бизнес қауымдастығымен бірге қолдау табатын және жүзеге асыруға мүмкіндік берілетін жобаларды жинастырамыз деген ойдамыз. Негізі Болашақ бағдарламасы мен оның түлектері туралы көзқарасты өзгертсек деп едік. Көбіне болашақтықтар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда жұмыс істейді деген қағида бар. Шындығына келетін болсақ, 47% жеке компанияларда, оның ішінде 13%-ы халықаралық және 2%-ы ұлттық компанияларда, ал қалған 53%-ы бюджеттік мекемелер мен мемлекеттік органдарда жұмыс істейді», - деп толықтырды ол.
Бүгінгі таңда әр 7-ші түлек «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі - 1180 адам. Ал, ҚР-да еңбек етіп жатқан түлектердің жалпы саны 8 мың адам.
Анар Тәңірқұлова
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары