- Басты
- Жаңалықтар
- «Жас ұлан» республикалық мектебін 75 ұлан тәмамдады (Фото)
«Жас ұлан» республикалық мектебін 75 ұлан тәмамдады (Фото)
«Жас ұлан» мектеп қабырғасынан биылғы жылы 75 ұлан түлеп шығады. Бұл мектеп құрылғалы бері саны жағынан ең үлкен болып табылады. 2013 және 2014 жылдары мектеп 55 және сәйкесінше 64 ұланды түлетіп шығарды. «Жас ұлан» тәрбиеленушілерінің 2015 жылғы ҰБТ-дағы орташа балы 85,2 құрады.
Бұл деңгей былтырғы жылға қарағанда жоғарырақ болды (2014 жылы - 81,3). Бүгін болашақта Қарулы Күштер мен өзге де күштік құрылымдардың офицерлері, өз Отанының нағыз қорғаушылары болатын түлектерге, сондай-ақ іс-шара қонақтарына ҚР ҚК 68665 ә/б құрмет қарауыл ротасының қысқартылған парадтық есептобының дефилесі көрсетілді.
Салтанатты шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ұландардың ата-аналары, Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты. «Жас ұлан» мектебі тәрбиеленушілерінің дайындық деңгейі жыл сайын өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Бітіруші ұландар ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, жоғары нәтижелер көрсетуде.
Былтырғы жылы «Жас ұлан» 64 бітірушіні түлетіп шығарғанын еске салайық. Бүгінде олардың барлығы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ, Ресей, Беларусь және Қытай қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарының курсанттары болып табылады.
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар