- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда темір жол билеттерін QIWI терминалдарынан сатып алуға болады
Қазақстанда темір жол билеттерін QIWI терминалдарынан сатып алуға болады
«ҚТЖ» ҰК» АҚ хабарлағандай, енді Қазақстанның барлық тұрғындарының бүкіл республика бойынша көптеген сауда, ойын-сауық, қоғамдық орындарда орналастырылған QIWI терминалдары арқылы пойызға электрондық билетті сатып алу мүмкіндігі бар. Терминалдардың жалпы саны 14 мыңнан асады.
Терминалдар арқылы жолға аттанудың ыңғайлы күнін таңдап қана қоймай, вагондарда орындардың болуын тексеруге, вагон түрін (купе, плацкарт, люкс) таңдауға, баға нұсқаларын және тарифтік кестені (ересектер, балалар билеті) қарап шығуға болады.
Вагон мүмкіншіліктері шектеулі тұлғаларға арналған орындармен жабдықталған болса, бұл ақпарат терминал экранына шығарылады. Билетті төлқұжат, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, туылу туралы куәлік және т.б. жеке басты куәландыратын құжаттармен сатып алуға болады. Бұл қызмет түрін Қазақстан азаматтарымен қоса өзге елдердің, соның ішінде ТМД елдерінің азаматтары да пайдалана алады.
Бір транзакция барысында ең көбі төрт билет сатып алуғамүмкіндік бар. Транзакциялар саны шектеусіз. Қызметті пайдалану үшін, бас мәзірдегі «Транспорт и туризм» («Көлік және туризм») бөліміне кіріп, одан кейін - қызметтерді жеткізушілер тізімінде «Қазақстан темір жолын» табу керек. Одан кейін, сапарыңыздың барлық параметрлерін таңдап, ұялы телефон нөмірін енгізіп, төлеу үшін қажетті соманы салу керек. Ақша номиналы сатып алу сомасынан асатын болса, артық ақша пайдаланушының ұялы телефонына аударылады. Билеттің пойызға мінгенде күшіне енетін чекке басылып шығарылады.
Аппараттағы чек таспасы таусылып қалған болса, чек дубликатын кез келген өзге QIWI терминалынан алуға болады. Ол үшін станцияны таңдау парақшасында «Дубликат чека» («Чек дубликаты») түймесін басып, билетті сатып алу барысында пайдаланылған телефон нөмірін (яғни, артық ақша жіберілген телефон нөмірін) енгізу қажет. Одан кейін чек қажет етілетін тапсырысты таңдап, «Далее» («Әрі қарай») түймесін басыңыз, нәтижесінде чек басылып шығарылады.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары