- Басты
- Жаңалықтар
- Душанбе қаласындағы конференцияда Қазақстан су мәселесін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс енгізді
Душанбе қаласындағы конференцияда Қазақстан су мәселесін жақсарту бойынша бірқатар ұсыныс енгізді
Оның жұмысына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ауғанстан, Қырғызстан, Того премьер-министрлері, Ангола, Бангладеш, Мысыр, Индонезия, Ирак, Иран, Сауд Арабиясы, Уганда елдерінен бейіндік министрліктер басшылары, ғалымдар, халықаралық сарапшылар қатысуда.
Бақытжан Сағынтаев конференцияда сөйлеген сөзінде Қазақстанда соңғы он жылдың ішінде су мәселелерін реттеудің нормативтік құқықтық базасы дамып келе жатқанын, «жасыл экономикаға» көшу бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру басталғанын, су қорларын басқарудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын, Аралды құтқару шаралары қолға алынғанын атап өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азиядағы су мәселесін жақсарту үшін өңірлік ауқымдағы бірқатар ұсыныстарға бастамашы болып келеді.
Атап айтқанда, Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын немесе ірі донорлар мен сарапшыларды тарта отырып, Су саммитін өткізу қажет деп санайды.
Бақытжан Сағынтаев конференцияда республиканың Су жобаларын іске асыру жөніндегі Орталық-Азиялық инвестициялық қорын және Өңірлік су қауіпсіздігі орталығын құру бастамасын айтты.
Бұдан басқа, Қазақстан бірлесе отырып, Орталық Азиядағы су және экология қауіпсіздігі туралы пакт әзірлеп, қол қоюды ұсынады. Жаңа жалпыға бірдей танылған халықаралық құқық нормаларына негізделген бес жақты құжаттың мазмұны заманауи жағдай мен өңірдің ерекшелігін есепке алып, су қатынастарын реттеуді, мүдделер теңгерімін іздестіруді қамтиды.
Гидрологиялық деректер алмасудың ашық жүйесін құру да аса маңызды, осыған байланысты бес жақты Келісім жобасын қабылдау қажет, ол жедел ақпарат алмасуды жүзеге асыруға және су сапасы бойынша келісілген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда