- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды гарнизонының жаңадан шақырылған сарбаздары әскери ант қабылдады (Фото)
Қарағанды гарнизонының жаңадан шақырылған сарбаздары әскери ант қабылдады (Фото)
Сарбаздардың жаңа толымын бөлім командирі полковник Нұрлан Осмонов құттықтады. Салтананатты рәсімге қатысқан 31775 ә/б ардагері запастағы генерал-майор Янис Дуда жас сарбаздарға өзінің тілек-лебізін білдірді. «Бүгін сендер нағыз Отан қорғаушылары атандыңдар.
Осы сәттен бастап сендердің өмірлеріңде жаңа өмір толқыны басталады. Сендер күрделі, бірақ қызықты әскери ғылымды танып білесіңдер, әскери болу және өз еліне қызмет етудің қандай екенін сезінесіңдер. Сендерге қызметте сәттілік тілеймін» - деді сөз соңында.
Бұл жауапты күні жас сарбаздарға ата-аналары мен туған-туысқандары қолдау білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін оларға бөлімнің аумағын аралау ұйымдастырылды. «Мұндай маңызды күні баламның жанында болғаныма қуаныштымын. Ол қызмет жасайтын бөлімді, оның командирі мен қаруластарын көрдім», - деді мерзімді қызметтегі сарбаздардың бірінің анасы Фарида Халменова. Жеткіншектер осы көктемде Оңтүстік Қазақстан облысынан Қарағанды гарнизонына мерзімді қызметке шақырылған болатын. Бір жылды олар үйлерінен және тума-туыстарынан жырақта өткізеді, әскери істі оқып-үйренеді, әскери техника мен қаруды меңгереді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақмола облысына ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің 44813 әскери бөліміне мерзімді қызметке шақырылған 50 бозбала салтанатты түрде әскери ант қабылдаған болатын.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі