• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сербия Президенті Н.Назарбаев туралы серб тіліндегі кітабының тұсаукесеріне қатысты – ҚР СІМ

Сербия Президенті Н.Назарбаев туралы серб тіліндегі кітабының тұсаукесеріне қатысты – ҚР СІМ

9 Маусым, 2015 13:14
Белградта Сербия Президенті Томислав Николичтің қатысуымен «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының серб тіліндегі нұсқасының тұсаукесері өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.

Салтанатты іс-шарада серб мемлекетінің басшысы Сербия саяси және іскерлік топтарында Қазақстан туралы қарқынды дамып келе жатқан ел ретінде тұрақты оң көзқарастың қалыптасқанын айтып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен төзімділік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты ілгерілету салаларында Орталық Азия өңірінде үлгілі елдердің біріне айналғанын атап өтті.

Т. Николич «тағдыршешті кезеңде ел басшылығына келген Қазақстан Президентінің тарихи шешімдерімен белгіленген» Қазақстанның жетістіктерін жоғары бағалады. Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ мен ИКҰ ұйымдарында сәтті төрағалығы, «ЭКСПО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі халықаралық қауымдастықта Республиканың және Президенттің жеке беделінің артуын дәлелдейтініне баса назар аударды.

Өткен шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков, Сербия Парламент төрайымы Майя Гойкович, Серб Православ Шіркеуінің Патриархы Ириней, депутаттық және дипломатиялық корпус, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, іскерлік топтарының және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Басылымның алғашқы данасы Сербия Президенті Т. Николичке қолма қол тапсырылды.

 

 

 

Барлық жаңалықтар