• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ю. Новгородов: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Астанада ұйымдастырылуын жалғыстара беру керек

Ю. Новгородов: Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Астанада ұйымдастырылуын жалғыстара беру керек

9 Маусым, 2015 12:01
Қазақстан бүгінде осындай сенімге ие, аталмыш диалог алаңын ауыстырудың қажеті жоқ. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Астанада өтуін жалғастыра беруі керек, деді Бүкіләлемдік лютерандар федерациясының өкілі Юрий Новгородов Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XIV отырысында.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Астанада өтуін жалғастыра беруі керек. Меніңше, Астана мұндай сенім деңгейіне ие болды, яғни бұл пікірталас алаңын ауыстырудың қажеті жоқ. Мен танитындардың көпшілігі мұнда өздерінің туған жерлеріне келе жатқандай сезінетіндіктерін айтады. Сол себепті Қазақстан бір-бірімен араздасқандардың мұнда емін-еркін келіп, шиеленіскен мәселелеріне лайықты жол іздейтін жер болып қала берегені дұрыс»,-деді ол.      

Өз сөзінде Ю.Новгородов кейбір демократиялық мемлекеттердің шіркеу құрылымдарына қысым жасап, құқықтар мен бостандықтар жолында дәстүрлі негіздерден қол үзуге мәжбүрлеп отырғандығын атап өтті.      

«Біз өте тыңғылықты болуымыз керек, алайда саяси тұрғыда шектен асып кетпеуіміз керек. Әрине, кейбір мемлекеттерде діни көзқарастарына байланысты қудалаудың бар екендігіне де көз жұма қарамағанымыз жөн. Біз кей жағдайда діни сезімдердің атына кір келтіріп, барлық қоғамдардың негіздеріне зиянын тигізіп жататын бостандықтар мен құқықтардың де шегін білуіміз керек»,-деді Юрий Новгородов.       

«Мұндай үнқатулар «қоғамның тұрақтап қалған негіздерін» ұшқындатады» -деп есептейді лютеран өкілі.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар