• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша республика бойынша оқушылардың үлгерімі 2,5 пайызға өскен – ҚР БҒМ

2015 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша республика бойынша оқушылардың үлгерімі 2,5 пайызға өскен – ҚР БҒМ

9 Маусым, 2015 12:38
Қазақстан Республикасында Ұлттық Бірыңғай Тестілеу аяқталды 2-ші маусым мен 8 маусым аралығында өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл-79,4 болды, яғни 2014 жылмен салыстырғанда (76,9) 2,5%-ға жоғары, деп хабарлады ҚР БҒМ.

Сондай-ақ, осы жылы 100 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар саны 2,4 %-ға өсті, олар-14 420 (17,4 %) болды, 2014 жылы– 13 137 (15%).

50 балдық шеткі деңгейлік балды жинаған түлектер саны 4,5%-ға көбейді, яғни 67 497 оқушы (81,4%), ал 2014 жылы олардың саны                67357 (76,9%) болды.

ҰБТ қорытындысы бойынша ең жоғары 125 балды 5 оқушы алды: Ердосова Гульназ Жандоскызы- Тараз қаласының №45 қазақ классикалық гимназиясының түлегі; Мустафина Риана Еркінқызы- Астана қ. №59 мектеп-лицейі;Самат Сымбат Куанышқызы-БҚО Теректі ауданың «Үміт» лингвистика гимназиясының түлегі және Лаура Абдазимова-ОҚО Түлкібас ауданының үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі; Яковлева Анастасия Владимировна- Алматы қ. №90 лицейі. 2014 жылы ең жоғары балл алған нәтижені төрт түлек көрсетті.

Тестілеу нәтижесі ҰБТ өткізу пункттеріндегі тақтайшаларға ілінумен қатар Ұлттық тестілеу орталығы сайтына да енгізіледі www.testcenter.kz.

 

 

 

Барлық жаңалықтар