• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014-2015 жылдар аралығындағы жекешелендіру аясында 55 млрд теңгеден астам қаржыға 173 нысан сатылды

2014-2015 жылдар аралығындағы жекешелендіру аясында 55 млрд теңгеден астам қаржыға 173 нысан сатылды

9 Маусым, 2015 11:36
2014-2015 жылдар аралығындағы жекешелендіру аясында 55млрд 300 млн теңгеге 173 нысан сатылды, деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлiгi мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Қалымжан Ыбрайымов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

« 2014-2016 жылдары жекешелендiру кешенді жоспарына сәйкес  496 нысанды саудаға шығару жоспарланған. Оның iшiнде сауда-саттыққа 313 объект қойылды, 173 объект сатылды, 140 нысан саудаға шығарылған немесе екінші қайтара шығарылуда.  Биылғы жылдың соңына дейiн 183 нысан саудаға шығарылады. Ал, сатылымнан 55 млрд 300 млн теңге қаржы түстi. Оның ішінде, «Халықтық ІРО» есепке алғанда 860 млн респцубликалық бюджетке, 811 млн-жергілікті бюджетке, 2,9 млрд  ӘКК есебіне, 50 млрд 700 млн теңге холдингтердің есепшоттарына түсті»,  деді Қ.Ыбрайымов.

Оның айтуынша, жекешелендіруден түскен қаржының 91% холдингтерге тиесілі.

«Көбіне олар «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ нысандары  47 млрд 300 млн теңге. Сатыпалушылар ретінде 89 жеке тұлға, 82 заңды тұлға, оның ішінде 2 резидент емес және 2 жеке кәсіпкер. Сатып алулар географиясы өте кең, дегенмен жоғары қызығушылық Алматы мен Ақтөбе қалаларында байқалды. Алматыда 42, Ақтөбеде 25 сатып алушы тіркелді»,  деп толықтырды Қ.Ыбрайымов.

Сонымен, сатып алу нәтижесі, Жамбыл мен Ақтөбе облыстарында нашар, Алматыда саудаға шығарылған 26 нысанның 5 сатылды. Жалпы мына салалар бойынша нысандар көптеп сатылды: түрлі салалар  35 объекті (20%), БАҚ  29 объекті (16%), өндіріс  28 объекті (16%), ауыл шаруашылығы   19 объекті (10%).

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар