• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Тоқаев: Халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік дін және саяси көшбасшылардың мойнында (Фото)

Қ.Тоқаев: Халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік дін және саяси көшбасшылардың мойнында (Фото)

9 Маусым, 2015 11:27
Халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік дін және саяси көшбасшылардың мойнында, деді ҚР Парламент Сенатының төрағасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысында.

«Әлемде болып жатқан оқиғалар желісі заманауи өркениетің келгендігін байқатады. Ол соңынан әлемдік жүйе мен әлеуметтік ұйымды бірге ала жүреді. Халықтардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне деген жауапкершілік дін және саяси көшбасшылардың мойнында», - деді Қ.Тоқаев.

Оның айтуынша, осы көшбасшылар бейбітшілік пен келісімнің орнауына зор үлестерін қоса алады, оның астарында қауіпсіздік жатыр. «Ертеңгі дінаралық саммит бейбітшілік миссиясына серпін беретініне сенімдімін», - деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының 14-ші отырысы өтуде.

Индира Кауметова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

 

 

Барлық жаңалықтар