- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы моноқалаларды дамыту үшін республикалық бюджеттен 16,6 млрд теңге бөлінді
2015 жылы моноқалаларды дамыту үшін республикалық бюджеттен 16,6 млрд теңге бөлінді
Қазіргі уақытта республикамызда жалпы халық саны 1,5 млн адам болатын 27 моноқала бар.
2012-2014 жылдары Моноқалаларды дамыту бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 48,4 млрд теңге бөлінген. Ағымдағы жылдан бастап моноқалаларды дамыту 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Моноқалаларды дамытудың Кешенді жоспарларына сәйкес республикалық бюджеттен 2015 жылға 16,6 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 7,7 млрд теңге бөлу қарастырылған.
Моноқалаларда ШОБ ынталандыру несиелер бойынша 10% дейін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, микронесиелер, сондай-ақ жаңа өндірістер құруға 3 млн теңгеге дейін бөлу түрінде мемлекеттік қолдау тетіктері жүзеге асырылады.
Аталған бағыт аясында республикалық бюджеттен 2013-2014 жылдары 8 175,5 млн теңге бөлінген, 2015 жылы 2 979 млн теңге қарастырылған.
Өткен жылдары 3 644,5 млн теңге сомаға 1380 астам микронесие берілген, оған қоса ең көбі Степногорск (173), Ақсу (130), Екібастұз (112) және Кентау (126) қалаларында берілген. Жалпы 1 559,5 млн теңге сомаға 346 жобаны субсидиялау мақұлданған. Мақұлданған жобалардың ең көбі Ақсай (47), Екібастұз (23), Зыряновск (22) қалаларына тиесілі.
Тиімді шаралардың бірі бизнес нысандарына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу болып табылады, ол жаңадан бастаған кәсіпкерлердің жеке бизнес ашудағы көптеген кедергілерін жояды.
Сонымен, 12 моноқаладағы кәсіпкерліктің 22 нысанына 2013-2014 жылдары республикалық бюджеттен 1 055,2 млн теңге бөлінген.
Моноқалалар Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестицияларды, жаңғыртылған желілер үлесін және орталық сумен жабдықтауға қолжетімділікті арттыру бойынша көрсеткіштер қарастырылған.
Атап айтқанда, Бағдарламаға сәйкес 26 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын құрумен 1,1 трлн теңге сомаға 48 «зәкірлі» инвестициялық жоба қарастырылған. Қазіргі уақытта осындай 16 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 2,7 мың жұмыс орны құрылды. Алайда, Шахтинск, Хромтау және Серебрянск қалаларындағы «зәкірлі» жобалар тұрып қалған. Ал, өңірлерде пайдалануға берілген 16 жобаның 6-уы 50%-ға ғана жүктелген.
Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдеріне ағымдағы жылға қарастырылған сәйкес көрсеткіштерге жету және шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан өзге, моноқалаларда қала құраушы кәсіпорындардың көмекші және қызмет көрсететін өндірістерді, тапсырыстарды орналастыруы мәселелерін зерделеу тапсырылды.
Оған қоса, Инвестициялар және даму министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен пайдалануға берілген жобаларды толық жүктеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі