Алматыда екі ауданда шағын демалу аймағы ашылады – әкімдік

10 Маусым, 2015 09:32
Алматыда тұрғындарға арналған демалу аймақтары ашылады. Жасыл желектендірілген демалыс орны тағы екі ауданда ашылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Түркісіб ауданында Д.Қонаев атындағы бақ аймағында Сүйінбай даңғылынан Жансүгіровке дейін  қала жаяу жүргіншілер жолына негізделген әдемі бағыт бар. Жетісу ауданында «Айнабұлақ-2» Мұқатай ауданына дейін жасыл желек ұйымдастырылады.

«Қала бұрындары қаланып, салынғанға қарамастан біз абаттандыру шараларын жүзеге асырудың жаңа тәсілдерін іздеуіміз қажет», - деді А.Есімов.

Айта кетейік, осы сынды демалу аймағы жақында «Жетісу-3» шағын ауданында құрылды.

 

Барлық жаңалықтар