- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны аяқталды
Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны аяқталды
2015 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,5 млн. га жерде орналастыру жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 71 мың гектарға көп.
Көктемгі егіс 18,5 млн. гектар жерге орналастырылмақ. Дәнді дақылдар 15,2 млн. гектарға, оның ішінде 2,2 млн. га – майлы дақылдар, 3,7 млн. га – азықтық дақылдар және 413,6 мың га – көкөніс дақылдары мен картоп.
8 маусымдағы жағдай бойынша дәнді дақылдардың жаздық егісі 14,7 млн. га жоспармен 14 млн. гектар алқапта жүргізілді немесе жоспардың 96% орындалды. Майлы дақылдар 2 млн. гектар алқапқа егілді (жоспардың 93% орындалды).
Бүгінде Қазақстанның оңтүстігінде егін егу науқаны аяқталды.
Мамыр айында көпжылдық орташа нормадан 3 есеге артық жауған жауын-шашыннан солтүстік, орталық және батыс аймақтарда егін егу науқаны жалғасуда.
Қолданыстағы егіс техникасының қуаттылығы күніне 1 млн. га дәнді дақыл себуге мүмкіндік береді. Яғни, ауа райы қолайлы болса, қалған 2,1 млн. гектарды 2-3 күн ішінде аяқтауға болады (маусымның 1 онкүнінде).
Бұған қоса, егіс жұмыстарын уақытылы өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өздеріне де байланысты. Заманауи техникамен технологияны қолданып, жұмыс үрдісін дұрыс ұйымдастырған шаруалар егін егу жұмыстарын уақытылы аяқтап, мол астық өнімін алуға ниетті.
Техникасы жаңартылмаған, ұсыныстарды ескермеген және ескі әдіс бойынша жұмыс істеп келе жатқан шаруашылықтарда керісінше егіс жұмыстары созылуы мүмкін, бұл егін ору жұмыстарының шегерілуіне алып келмек.
А.И.Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары дәнді және майлы дақылдардың күзгі ерте үсікке түсу қатерін төмендету үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге егін егу технологиясын оңтайландыруды ұсынып отыр. Қолайсыз ауа райы жағдайлары орын алған жағдайда аграрлық ғылым өкілдері ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге өсімдіктердің өсуін тездететін стимуляторлармен фосфорлық тыңайтқыштарды қолдану мүмкін деп есептейді. Бұдан басқа, егісті ауыл шаруашылығы дақылдарының аурулары мен зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстарын уақытылы өткізу қажет.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жаңа астықты қабылдау үшін астық жинайтын комбайндар мен астық кептіргіш және басқа да қажетті техниканы алу бойынша шаралар қабылдау қажет. Шаруаларға көмек ретінде "Егінжай" лизингтік бағдарламасы қызмет етуде. Бағдарлама арзандатылған сыйақы мөлшерлемесі мен алдын ала төлемсіз жеңілдікпен ауыл шаруашылығы техникасын алуға мүмкіндік береді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Күзгі әскерге шақыру науқаны қалай ұйымдастырылады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі