- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Қызылорданың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 26,7 млн теңгенің өнімдері сатылды
Жыл басынан бері Қызылорданың ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 26,7 млн теңгенің өнімдері сатылды
Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жұмыстары негізінен нарықты молайту арқылы жүргізіледі. Облыс халқының өнімдерге қажеттілігін толығырақ қамтамасыз ету үшін өткен жылы күріш егісін тұрақтандырып, картоп, көкөніс, бақша дақылдарының егіс көлемін ұлғайтуға және егіншілік саласын әртараптандыру жұмыстары Министрлікпен бірігіп 2015-2016 жылдарға жасалған меморандумға сәйкес жүргізілуде.
- Ағымдағы жылы тұрақтандыру қорына 1350 тонна картоп сатып алу жоспарланған болса, оның 550 тоннасын фьючерстік келісім негізде жүзеге асты. Облыста өндірілмейтін немесе аз өндірілетін өнімдер тұрақтандыру қоры арқылы өзге өңірлерден қамтамасыз етіліп келеді. Жалпы өңірлік тұрақтандыру қорының комиссиясымен 2014-2015 жылдар аралығында 6220 тонна өнім алуға шешім қабылданды. Қажеттілікке байланысты өнімдер кезең-кезеңімен әкелінуде, - деді облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы П.Сыздықов.
Негізгі астық түрлерін облысқа жеткізуге байланысты тиісті министрлікпен жасалған меморандумдар негізінде жұмыс жасалуда. Нәтижесінде әлеуметтік нанның облыстағы орташа бағасы 44 теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта онтүстік аймақтардан және көршілес мемлекеттерден арзан бағада, көкөніс және жеміс-жидектер тасымалдануда. Бүгінде тұрақтандыру қорының қоймасында 200 тоннаға жуық көкөніс сақталуда. Аймақ басшысы осы өнімдердің бұзылып кетпеуін қамтамасыз етуін қатаң тапсырды. Сондай-ақ, базарлар мен тұрғындардың тамақтанатын орындарында санитарлық тазалықтың сақталуын қадағаланатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді