- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстанда жаңадан 5 теміржол бағыты ашылады
2014 жылы Қазақстанда жаңадан 5 теміржол бағыты ашылады
«Бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ. Айталық, Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей 2 тәулікте емес, бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар станциясына аялдайтын болады», - деп хабарламада нақтыланған.
Сондай-ақ, 2013 жылғы қаңтарда Павлодар – Астана бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты Қарағандыға дейін, ал Астана – Орал бағытындағы жолаушылар пойызының бағыты Ақтөбе қаласына дейін ұзартылған болатын.
Ағымдағы жылы Алматы – Атырау, Астана –Атырау және Астана – Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. Барлық пойыздар 27 «Тальго» вагондарынан құралған. Олардың 22-сі жолаушылар вагоны, оның ішінде 2 вагон «Гранд» (екіорындық люкс) санатында болса, 2 вагон «Бизнес» (екіорындық) санатында және 18 вагон «Турист» (төрторындық эконом) санатында. Пойызда 3 техникалық вагон, 1 мейрамхана және 1 бар-вагоны бар. «Гранд» санатындағы вагондардың бірінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купе бар.
Бұдан басқа, 2013 жылдың 5 шілдесінен бастап Астана – Бурабай курорты бағытында жаңа жолаушылар жүрдек пойызы іске қосылды. Жаңа құрам 6 вагоннан құралған, әр вагон 56 орынға есептелген. Жолда жүру уақыты 3 сағат 55 минутты құрайды.
2013 жылдың 8 шілдесінде Астана – Павлодар бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына 4 рет: бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері Астана қаласынан жолға шығады. Жолда жүру уақыты 6 сағат 28 минут.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды