• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Бекнияз: су ресурстарын басқару бағдарламасы «жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының жалғасы болады

Б.Бекнияз: су ресурстарын басқару бағдарламасы «жасыл экономикаға көшу» тұжырымдамасының жалғасы болады

8 Маусым, 2015 18:19
Су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстанда қалыптасқан суға қатысты проблемаларды шешуге ықпал етуі керек, деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекниязов Астанада өткен баспасөз-мәслихатында.

«Кеңес Одағы кезінде Арал теңізінің атын атауға болмаушы еді. Біз болсақ өзіміздің еңбектерімізді «құпия» деген белгі арқылы бастық. 2000 жылдан бастап, 2004 жылдарға дейін біз тұңғыш рет бұл мәселе туралы ашық айтып, оның шешу жолдарын қарастырдық. Тұжырымдама 2015 жылға дейін қарастырылған болатын. Біз осы уақытқа дейін қолға алынған жұмыстардың қорытындысын шығармақпыз. Біз өзіміздің жұмыстарымызға ылғи да халықаралық сарапшыларды тартып келдік. Ол уақытта еуропалықтарша жұмыс істеп, халықаралық стандарттар негізінде қимылдауға бейімделдік. Көптеген конвенцияларға қол қойылды, қаншама күш жұмсалды, осының барлығы да ол Қазақстанға керек болғандықтан жасалды»,-деді Б.Бекниязов.     

Оның сөзінше, су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстандағы су ресурстарына қатысты проблемаларды шешуі керек.  

«Жалпы бізде бағдарламалар көп, алайда олардың арасында су ресурстарына қатысты бірде-бір құжат жоқ. Әрине, экологтар 2000 жылдан бастаған «Ауыз суды» айтпағанда. Ал бүгінгі бағдарлама экологтар мен су саласы мамандарының бірлескен еңбектерінің жемісі. Біздің Экологиялық кодексіміз халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген. Ал бүгінгі бағдарлама «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасынң жалғасы. Естеріңізде болса бір кездері бір «жасыл экономика» туралы армандайтынбыз, оны енгізгіміз келді. Қазақстан экономикасы қарқынды дамуын жалғастыра келіп, енді міне, ұзақ жылдарғы мақсатқа жетудің сәті туып тұр»,-деді ол.     

Анар Тәңірқұлова

   

Барлық жаңалықтар