• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әскери қызметшілердің 42 отбасы күрделі жөндеуден кейінгі жаңартылған баспанаға қоныс аударады

Әскери қызметшілердің 42 отбасы күрделі жөндеуден кейінгі жаңартылған баспанаға қоныс аударады

8 Маусым, 2015 19:08
Ақмол кентіндегі күрделі жөндеуден кейін жалпы ауданы 3 390 шаршы метр 42 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек. Қазір жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Жоспар бойынша әскери қызметшілер мен олардың отбасы ағымдағы айда жаңартылған пәтерлеріне көшетін болады. Бұдан бұрын күрделі жөндеуден кейін Гвардейск кентінде 52 пәтерлі тағы бір тұрғын үй тапсырылған болатын.  Жөндеу жұмыстары кезінде барлық тұрғындар көшірілген еді.

Алайда, үйлеріне оралған әскерилерді тосынсый күтіп тұрды. Себебі, күрделі жөндеуден кейін баспанада барлық терезелер мен есіктер, жабын мен инженерлік желілер ауыстырылды, қасбет жөнделді. Сонымен бірге, қазіргі уақытта Аягөз қаласында жалпы ауданы 5 790 шаршы метр 90 пәтерлі тұрғын үйдің  жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Мұндағы құрылыстың жүз пайыз аяқталуы 2016 жылға жоспарланған. Күрделі жөндеу қазақстандық әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады.

Тұрмыстық жағдайды жақсарту мақсатында дайын үйді сатып алу және салумен қатар, әскери қызметшілер тұрып жатқан пәтерлерді жөндеу жүзеге асырылады. Еске сала кетейік, өткен жылы  Аягөз және Ақтас қалаларындағы 80 пәтерлі тұрғын үйде, сондай-ақ Гвардейск кентінде 98 пәтерлі және Приозерск қаласында 36 пәтерлі  жатақханаларда күрделі жөндеу жүргізілді. 

 

Барлық жаңалықтар