- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық институттары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық институттары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Кездесуде сарапшылар екіжақты қарым-қатынастардың ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми-академиялық, сарапшылық өзара ықпалдастығының қазіргі жағдайы және оның келешегі сияқты мәселелерін кең ауқымда талқылады. Халықаралық жағдайдың және аймақтың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Екі ел мемлекеттік органдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты іске асырылатын іс-шаралары бойынша өзара талдамалық бағаларына және басқа да бірқатар мәселелеріне басты назар аударылды.
Қазақ пен өзбек сарапшылары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы маусымдағы Өзбекстан Республикасына сапары барысында қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы шарттың ережелерін, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Президенті И.А.Кәрімовтың 2014 жылғы қарашадағы Қазақстан Республикасына ресми сапарының нәтижелерін толығырақ талқылады. Қазіргі таңда екі ел арасындағы байланыстар стратегиялық серіктестік рухындағы оң динамикасына қол жеткізілгені, ал жаңа екіжақты құжат қазақ-өзбек қарым-қатынастарының негізін бекітті деп атап өтілді.
Келіссөздер барысында көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың әрқилы аспектілері жөнінде, оның ішінде елдердің ТМД, ШЫҰ, АӨСШК өзара ықпалдастығының келешегі, сондай-ақ Ауғанстан проблемасын реттеу мәселелері де сөз болды. Қазақстан мен Өзбекстанның өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша көкейкесті халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдардың сарындастығы атап өтілді.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары