- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті өте күрделі аймақта халықтар мен діндер арасында бейбітшілік орната білді-сарапшы
ҚР Президенті өте күрделі аймақта халықтар мен діндер арасында бейбітшілік орната білді-сарапшы
«Біз Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің V cъезіне қатысуды жоспарлап отырмыз. Съезд міне, көптеген жылдардан бері әлемнің жетекші алаңдарының бірі болып келеді. Қазіргі таңда әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің өзара пікір алмастырып, болмаса саясаткерлермен сұхбат құруларына кедергі келтіретін жағдайлар мүлдем жоқ деуге болады. Еуропаның өзінде тәуелсіз пікірлер білдіріліп, мәдени кеңістікті қалыптастырудағы діннің маңызын түсіндіруге мүмкіндіктер беретін алаңдар жоқтың қасы»,-деді Р.Богдасаров.
Оның сөзінше, Съезд тек ТМД көлемінде ғана емес, бүкіл әлем бойынша маңызды орынға шықты.
«Адамзат дәстүрлер мен мызғымас құндылықтар туралы айтатын азаматтардың сөздеріне қарай бағыт алады. Қазір дәстүрлі дін өкілдерінің сөздері әр адам үшін маңызды. Біз жауапкершіліктен ада саяси көшбасшылардың кейбір мәлімдемелерінің гуманитарлық апаттарға алып келіп жатқандығының куәсі болып жүрміз, оның мысалы Таяу Шығыс. Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерімен кездесіп, күш көрсету мен терроризмге және экстремизмге қарсы тұру мәселелерін талқыға салу маңызды. Осы жерде айта кететін мәселе, «Дін лидерлері мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік пен даму жолындағы диалогы» тақырыбы дұрыс таңдап алынған. Бұл жерде мен осы форумға бастамашы болған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегін атап өтер едім. Ол кісі ұлттық белгілеріне байланысты жағдайды шайқалтып, дінаралық қатынастарды ушықтыруға тырысып келген өте қиын аймақта халықтар мен діндер арасында бейбітшілік орната білді. Н.Назарбаевтың жауапкершілігі мен қызметін асыра айту мүмкін емес»,-деді Р.Богдасаров.
Ботагөз Айтжанова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды