• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматылық студенттер «Жасыл Ел» жобасы аясында Уневерсиада нысандарында жұмыс істейді

Алматылық студенттер «Жасыл Ел» жобасы аясында Уневерсиада нысандарында жұмыс істейді

9 Маусым, 2015 09:28
Алматылық студенттер «Жасыл Ел» жобасы аясында Уневерсиада нысандарында жұмыс істейтін болады, деп хабарлады әкімдік.

Бүгінгі таңда мердігер компаниямен келіссөздер жүргізіліп, келісім шартқа қол қойылды. Ол Алматыдағы ЖОО-ның студенттеріне тиімді шарттар негізінде құрылыс жасақтарына жазғы демалыста жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«Студенттердің қауіпсізідігі ескеріле келе олар көмекшілік жұмысқа тартылады. Жоспар бойынша, жастар бетон құюшыларға, тас жинақтаушыларға көмектеседі және құрылыс барысын реттеп  тұратын болады.  Жасақталған құрылыс жасақтары «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан емханалардың, ауруханалардың, көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына қатысатын болады. Бұдан басқа, Универсиада нысандарына жұмысқа тартылатын болады», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, қалалық құрылыс басқармасының бастығы Мұхамедғаріп Құрманғалиев атап өткендей, құрылыс жасағындағылар үш ай бойы 40-тан 50-мыңға дейінгі жалақыға жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа, «Жасыл Ел» республикалық штабтары атынан студенттерге 17 мың теңге көлемінде қосымша жалақы төленеді.

Барлық жаңалықтар