- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының мәресіне 29 отбасы шықты
СҚО-да «Мерейлi отбасы» ұлттық байқауының мәресіне 29 отбасы шықты
Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, финалға 29 отбасы шықты. Олардың барлығына дипломдар мен ақша салынған конверттер берілді.
«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл байқаудың маңызы өте зор. Отбасы кез-келген азаматтың өміріндегі маңызды мәселе. Бұл біздің барлығымызды жақындарымызды қамқорымызға алып, оларға жылылық лебін сездіру үшін жақсы дүниелерге қарай итермелейді. Мен осы байқауға қатысқан барлық отбасы мүшелеріне тағы да алғысымды білдіремін»,-деді облыс әкімі Ерік Сұлтанов.
Финалдық байқауда обыс әкімі аймақтық кезеңнің жеңімпаздарының аттарын атады. Үшінші орынға М.Жұмабаев және Жамбыл аудандарынан келген Тәкібаевтар мен Адам отбасылары табан тіресе, екінші орынға Тимирязев ауданының тұрғындары Сосновтар мен Шалақын ауданынан Құсайыновтар отбасы қол жеткізді. Бірінші орынды Мамлют ауданы мен Петровпавлдық Мәмбетовтар және Демьяновтар отбасы олжалады.
«Енді облыстық кезеңнен жеңімпаз атанып шыққан Мәмбетовтер мен Демьяновтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының атынан шығады»,-делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бастап, еліміздің аймақтары бойынша ұйымдастырылып келеді. Мұндай өкімге Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Байқау отбасы құндылықтарын насихаттау мен отбасы мәртебесін көтеруді мақсат етеді.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады