Маңғыстау облысында кәсіпкерлерді қабылдау орталығы ашылды (ФОТО)

8 Маусым, 2015 15:04
Ақтауда Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан кәсіпкерлерді қабылдау орталығы ашылды, деп хабарлайды әкімдік.

Орталықтың ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ҚР «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Аблай Мырзахметов, банктер мен даму институттарының және аймақтық бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты.     

Орталық ғимаратында тіркелу орны, үлкен операциялық зал, оқуға арналған үлкен екі конференция залы, кең бөлмелер, кәсібін жаңа бастаған азаматтарға арналған бизнес-инкубаторлар бар. Ал онды келушілер кезек күтпес үшін арнайы терминал орнатылған.

«Операциялық залда консультанттар заң, ақпараттық технологиялар, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салықтық және статистикалық есептер бойынша, сапа жүйесін енгізу, кеден процедуралары, маркетинг, мендежмент және мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша тегін көмектер көрсетеді»,-делінген хабарламада.     

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың сөзінше, кәсіпкерлерді қабылдау орталығы аймақта шағын және орта бизнестің сан жағынан да сапа жағынан да артуына ықпал етіп, өз кезегінде ол аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына игі әсерін тигізеді.

 

Барлық жаңалықтар