- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» тамашалады
Н.Назарбаев Астана маңындағы «жасыл белдеуді» тамашалады
«Біз елорданың жан-жағында жасыл желек отырғыздық. Мен оны астаналық орман деп атаймын, жазық алаңда 70 мың га орман массиві орналасқан. Жыл сайын оларды қадағалап, күту қажет. Бұл өте үлкен еңбек , осында жұмыс істеп, маңдай терлерін төгіп жүрген орманшыларға, ғалымдарға алғыс білдіремін», - деді Елбасы.
Н.Назарбаев айтып өткендей, кейбір отырғызулар мен жануарлар ауа райы қычсымына шыдамауы мүмкін, алайда табиғат барлығын өзі уақытымен қалпына келтіреді. «Бұл қазақстандық ғажап табиғатты біз болашақ ұрпақ үшін құрдық, біз астаналық орманды мәртебе тұта аламыз», - деді Елбасы.
«Жасыл белдеудің» жалпы көлемі 14827 га құрайды, оның 1150 көшеттермен қамтылған, онда 9,6 млн ағаш және 2 млн тал отырғызылды. Бұл жердегі жұмыстарды үш бағыт бойынша 2020 жылға дейін жалғастыру жоспарланған.
Екінші бір мәселе, жел өтінде тұрған Сарыарқаның сар даласында, қаланың төңірегінде орман болса, жел сол орманға келіп, жоғары кететін еді. «Яғни, қаланың ішіндегі жел азайсын, халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай орнасын деп ғалымдарды шақырып алып, орман егейік дедім. Сонда барлығы «бұл жерге орман өспейді, топырағы көміртекті» деген болаты. Соған қарамастан, ағаш отырғыза бастадық. Қазір қалада шаң жоқ», - деді Мемлекет басшысы Н.Назарбаев.
Елбасы атап өткендей, 1997 жылдан бері 70 мың гектарға орман ағаштары отырғызылған.
«Осылайша, 1997 жылдан бері, 17 жыл бойы орман салып келеміз. 1999-2002 жылдары ағаштар аласа еді, қазір міне, өсіп кеткен. Қазір қаланың төңірегінде егілген орман алқабы 70 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, 12 мың гектары қаланың ішінде жатыр. Ендігі мақсат, 2020 жылға дейін орман алқабын 100 мың гектарға жеткізу. 100 мың гектар дегеніміз – бір облыстың аумағындай», - деді Н.Назарбаев.
Бағыттардың алғашқылары – кеңістіктерде отырғызу үдерісінің екінші кезеңін бастау. 2014-2015 жылдапры 776340 көшет отырығызылды, 2016 жылы 353 560 көшет отырғызылмақ. 2017 жылдан 2030 жылға дейін 9820 га жерге жасыл желек отырғызу жоспарланған.
Екінші бағыт – қала маңындағы бос орындарда көшеттерді отырғызу. ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық аясында «жасыл белдеуді» дамыту үшін демалу аймақтарын ашу жоспарланған.
Өз кезегінде, қала әкімдігі хабарлағандай, қазіргі таңда техникалық-экономикалық әзірлемелер дайындалды, осындай екі аймақ құрылады. Бірінші жобаның ауқымы 25 га құрайтын спорт кешені, балалар алаңы, спа-орталықтар мен мейрамханалар, 320 көліктік автопарктер.
Екінші жоба 100 га құрайтын ат-спорттық кешені оның қызметіне отбасылық демалу шаралары, аквапарк, 288 орындық балалар лагері, жастардың демалу орталығы кіреді.
Индира Қауметова
-
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз -
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі қалай жүзеге асып жатыр -
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс -
COVID-19: 6 тамыздағы басты жаңалықтар -
Astana Hub пен ЮНИСЕФ әлеуметтік IT-жобалар конкурсының қорытындысын шығарды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды