• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР 70 жоғары оқу орнының өкілдері Астанада жоғары білім беру сапасын арттыру мәселесін талқыға салуда

ҚР 70 жоғары оқу орнының өкілдері Астанада жоғары білім беру сапасын арттыру мәселесін талқыға салуда

8 Маусым, 2015 12:43
Астанада «Біліктіліктің ұлттық шегі: архитектура әдістемесінен тәжірибе жүзінде қолдануға дейін» атты тақырыпта республикалық сеимнар өтуде, аталмыш шараға еліміздің 70 жоғары оқу орнынан 260-тан астам адам қатысуда.

«Біліктіліктің ұлттық шегі: архитектура әдістемесінен  тәжірибе жүзінде қолдануға дейін» республикалық семинары бірінші кезекте білім берудің сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда білім беру саласы, соның ішінде жоғары білім беру сапасын жетілдіруді одан әрі арттыруға бағытталған жаңғырту үстінде.  Жоғары білім берудің сапасын арттыру жоғары оқу орындарының еңбек нарығымен барынша тығыз ықпалдасуының арқасында мүмкін болады»,-деді Болон үдерісі мен академиялық ұтқырлық орталығы директорының кеңесшісі Серік Өмірбаев.    

Оның айтуынша, жұмыс беруші- еңбек нарығы болашақ түлектердің кәсіби біліктіліктерін анықтап, жоғары оқу орындарына ақыл-кеңес ретінде жолдап отырады.   

«Жоғары оқу орындары сол жолданған біліктіліктер бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Осылайша, дайындалған мамандар сұранысқа ие және жұмыс берішулер тарапынан қабылданатын болады. Бүгінгі шара тап осы мәселеге арналады»,-деді директордың кеңесшісі.

Айта кететін мәселе, семинар аясында Қазақтанның жоғары білім беру саласын реформалау жөніндегі сарапшылар ұлттық командасы жоғары оқу орындарының кадр стратегиясын жүзеге асыру мен біліктіліктің ұлттық, салалық шектері туралы шеберлік-сабақтарын өткізеді.  

 Анар Тәңірқұлова

 

 

Барлық жаңалықтар