• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлт жоспары «Стратегия-2050» бағдарламасын жылдам жүзеге асыруға бағытталған -сарапшы

Ұлт жоспары «Стратегия-2050» бағдарламасын жылдам жүзеге асыруға бағытталған -сарапшы

8 Маусым, 2015 12:28
Ұлт жоспары «Стратегия-2050» бағдарламасын жылдам жүзеге асыруға және еліміздің әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіруіне бағытталған, деп хабарлады ҚР Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы кітапханасы стратегиялық зерттеулер және болжау бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Анар Рақымжанова ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында.

«Ұлт жоспары - 100 қадам  «Стратегия-2050» бағдарламасын жылдам жүзеге асыруға және еліміздің әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіруіне бағытталған. Бағдарлама еліміздің болашақта тұрақты дамуы үшін негізін қалауға мүмкіндік береді. Бұл тек экономикаға ғана тиесілі емес, сонымен қатар әлеуметтік ортаменде тығыз байланысты», - деді А. Рақымжанова.

Оның айтуынша, жалпы ұлт бәсекеге қабілетті болуы тиіс.

«Басты мідет бағдарламаны барынша тиімді жүзеге асыру. Экономика өсімі реформасы мен еліміздің индустриаландыруына байланысты бөлім «Нұрл жол» бағдарламасының жалғасы болып табылады, Ал, салық жүйесіндегі өзгерістерге келетін болсақ, міндетті декларация тапсыру, орталық салық есебі, мемлекеттік табысты тіркеу тиімділігін арттырады және бір уақытта аталмыш қаржылардың шығындалуын халыққа бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінде бұл мәліметтердің белгілі бір бөлігі қол жетімді», - деп толықтырды А. Рақымжанова.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар