- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери-патриоттық жиынынға 800-ден астам адам қатысады (Фото)
Әскери-патриоттық жиынынға 800-ден астам адам қатысады (Фото)
Қарағанды қаласының теміржол вокзалына еліміздің батыс өңірі – Маңғыстау облысынан «Жас теңізші» әскери-патриоттық клубы, ал Ақтау қаласынан – Каспий университетінің, сондай-ақ Петропавлдан Қозыбаев атындағы СҚМУ әскери кафедрасының студенттері жиынға бірінші болып келді.
Жиынға қатысушыларды вокзалда дәстүр бойынша шашу шашып, әскери оркестрдің сүйемелдеуіменқарсы алды. Осыдан кейін жастар мен қыздар «Спасск» оқу-жаттығу орталығына бет алды. Аталған жерде олар далалық лагердің медициналық пунктінде тексеруден өтіп, қыздарды – жатаханаға, жігіттерді – шатырларға орналастырды.
Бүгін Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматыдан қатысушылар келеді деп күтілуде. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстанда алғаш рет Қарағанды облысына қарасты «Спасск» республикалық әскери-патриоттық жиыны басталады.
Оған 800-ден астам адам қатысады. Бұл жарыстар тәрбиеленушілердің әскери қызметке даяр болуы үшін жан-жақты дамуын жетілдіру, олардың дене даярлығы мен моралды-психологиялық қасиеттерін арттыру мақсатында өткізіледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда