- Басты
- Жаңалықтар
- «Арай-Sunrize» лагерінде жаз мезгілінде 1000-ға жуық бала демалады
«Арай-Sunrize» лагерінде жаз мезгілінде 1000-ға жуық бала демалады
Мұнда жазғы демалыс басталысымен республикалық экономикалық ауысымда еліміздің 12 аймағынан келген 8-10 сыныптардың оқушылары демалып кетті. Қазір облыстың үздік 180 баласы тынығуда.
Айта кетейік, әр жылда лагерьдің жұмысын жүйелеуге «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясы 98 миллион теңге жұмсайды. - Білімнің дамуы – бүгінгі адамзат өркениетінің өлшемі, қоғам дамуының басты көрсеткіші.
«Ал біз үшін білім - Тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың, Елбасы межелеген алғашқы 30 мемлекеттің қатарына қосылудың басты алғышарты. Байқасаңыздар Елбасы белгілеген «Балапан» мен «Болашақ» аралығындағы бағдарламалардың барлығы өскелең ұрпақ үшін жасалып отыр. Сіздер еліміздің асылы арманы мен үкілі үмітісіздер», - делінген хабарламада.
Сондықтан келер оқу жылына жақсы дайындықпен келу үшін тыңғылықты тынығу қажет. Демалыстарыңызды сәтті өткізуге тілектеспін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев. Жалпы, Қызылорда облысында 1-10 сынып аралығында 112571 оқушы болса, соның 93 пайызы биыл жазғы демалыс орындарымен қамтылады.
Облыста балалардың жазғы демалысы қала сыртында, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлерінде, оқушылар үйіндегі дебаттық клубтар мен аула клубтарындағы үйірмелер және спорттық секцияларға қатысу, көркейту-көгалдандыру, құрылыс – жөндеу бригадаларына тарту, тарихи орындарға саяхат формасында ұйымдастырылып келеді. Облыс көлемінде қала сыртындағы 9 лагерь бар.
Оқушылар соңғы екі жылдан бері Жаңақорған ауданында орналасқан «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында» демалдырылуда. Биыл оның қатарына «Қамбаш» оқу-сауықтыру орталығы қосылып отыр. Екі нысан жыл он екі ай жұмыс жасайды. Яғни, үш ай демалыста балалар тынықса, қалған уақытта оқушылар білімдерін жетілдіреді. Алдағы уақытта лагерьді жыл он екі қызмет көрсетуге жұмыс жасалатын болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді