• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорск қаласында 280 орындық балабақша қараша айында пайдалануға беріледі - әкімдік

Степногорск қаласында 280 орындық балабақша қараша айында пайдалануға беріледі - әкімдік

8 Маусым, 2015 11:06
Степногорск қаласында 280 орындық мектептің құрылысы қайта басталды, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы.

"Бүгінгі таңда проблемалық болып табылатын нысан құрылысымен астаналық «Жолқұрылыстрест» компаниясы айналысуда. Құрылысшылар мектепке дейінгі мекемені пайдалануға биылғы жылы бермек»,-деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Нана Антидзе.

Оның сөзінше, бұл балабақша бүлдіршіндерді осыдан бірнеше жыл бұрын-ақ қабылдай бастауы керек еді, алайда мердігердің жауапсыздығынан мәселе әлі күнге дейін созылып келеді. Енді міне, ұзақ жылдар бойғы сот мәжілістерінен соң құрылыс қайта жанданды. «Биылғы жылдың сәуірінде байқау жарияланып, оған Көкшетау мен Астанадан 4 мердігер компания қатысты. Нәтижесінде, Степногорскінің құрылыс бөлімі жеңіпмаз-компаниямен келісім-шартқа отырды»,-делінген хабарламада.  

Қазіргі таңда құрылыс жанданып, онда 28 маман жұмыс істеуде. Олардың 10-ы жергілікті азаматтар. Алдағы уақытта қажеттігіне қарай жұмысшылар саны көбейе бермек.   

 

Барлық жаңалықтар